Жайық өзені суының сапасын тексеру нәтижесі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Жайық өзенінде жоспардан тыс суды сараптау нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш мекеменің сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбайдың 2019 жылғы 4 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Жайық өзенінің 13 тұстамасы мен Яик, Перетаска сағаларында күн сайынғы жоспардан тыс сынама алуды бастады», - делінген хабарламада.

Зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде күн сайын 24 көрсеткіші бойынша, апта сайын 41 көрсеткіші бойынша жүргізілген.

«Жоғары (экстремалды жоғары) ластану тіркелмеді», - делінген қорытындыда.

2019 жылғы 8-10 қаңтар аралығындағы талдау нәтижелерін мына қосымшадан көруге болады.

Мамандар 2019 жылғы 8-10 қаңтар аралығындағы Жайық өзенінің 13 сағасындағы судың сапасы туралы мәліметті Атырау облысының әкімдігіне жолдады.

Еске салайық, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы желтоқсанның басында басталды. Төрт кәсіпорын тексеріліп, екі қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, «Атырау Су Арнасы» КМК Экологиялық кодекстің талаптарын бұзғаны анықталды. Төгінді суда ластаушы заттардың мөлшері нормативтерден асып кеткен. Компанияға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.



Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар