Жайық өзені деңгейі көтеріліп жатқанмен, тасқыннан келер қауіп жоқ - БҚО ТЖ департаменті

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, Жайық өзенде ғана су деңгейі көтерілуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Қазгидромет» РМК 16 сәуірдегі мәліметі бойынша Жайық өзенде су деңгейі Орал қаласының тұсында 486 (тәулік ішінде + 4 см, қауіпті нүкте - 850 см) см, Январцев ауылы маңында 537 (тәулік ішінде + 11 см, қауіпті нүкте - 1250 см) көтерілді.

Соңғы жаңалықтар