Жайық өзені бойымен дәстүрлі халықаралық экспедиция сапарға шықты

None
None
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған Жайық өзені бойымен ХІІІ халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция сапарға шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жайық өзенінде қайықпен жүзушілердің жорығы Орынбор облысы Елек ауылынан бастау алды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Елена Тарасенко жетекшілік ететін экспедиция құрамында ғалым-экологтар, өлкетанушылар, қайраткерлер, студенттер мен журналистер бар. Саяхатшылар 119 шақырымды жүзіп өтпекші, Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандарында болып, тұрғындармен кездеспекші.

Жорық тамыздың 4-інде Оралда қорытындыланбақшы. Мұндағы басты мақсат Жайық өзенінің экологиясына назар аудару болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар