Жәйремдегі төбелес: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының полиция қызметкерлері Жәйрем тау-байыту комбинатында төбелескендерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұзақылық әрекет дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу органдары оқыс оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, қазір Жәйрем кентіндегі жағдай тұрақты.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Жәйрем тау-байыту комбинатының жұмысшылары арасында қақтығыс болып, бірнеше шетелдік қызметкер жеңіл жарақат алған еді.


Агата Мұхамеджанова

Соңғы жаңалықтар