«Жайлы мектептердің» оқушылары буллингтен қалай қорғалады – вице-министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов «Жайлы мектептердің» оқушылары буллингтен қалай қорғалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бізде балалар арасындағы буллинг мәселесі өте өзекті. «Жайлы мектептердің» қалыпты мектептерден бір айырмашылығы – бастауыш сыныптар мен ересек сыныптардың кіріп-шығатын есігі жеке-жеке болады. Яғни, әртүрлі блокта болады. Олар бір-бірімен мектеп ішінде кездеспейді. Бастауыш сынып оқушыларының өз спорт залы, өз дәретханасы, өз асханасы бар», - деді ол Мәжілісте өткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысты жиыннан кейін.

Вице-министр ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің сырты мен аумағын айнала камералар орнатылатынын айтады.

«Мектептердің ішінен бөлек сыртын айнала бейнекамералар орнатылады. Мектеп айналасынан басқа бүкіл аумақтың сыртынан да камера орнатылады. Қазір министрлікпен бірге әкімдіктер осы бағытта жұмыс істеп жатыр», - деді Айбат Ілиясов


Соңғы жаңалықтар