«Жайлы» мектеп» жобасының арқасында 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының талаптарына сай ғимараттарды мемлекет сатып алуы мүмкін. ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп тапшылығын шешу үшін 2023-2025 жылдар аралығында 842 мың оқушы орнын салуға 2,6 трлн теңге қарастырылды. Ұлттық жобаның шеңберінде 60 мыңға жуық уақытша және 40 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол жоба арқылы сапалы мектептерді іске қосудың үш тетігі бар екенін атады.

Олар:

1) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектеп салу;

2) мектеп ғимаратын жайлы мектептің талаптарына сәйкес келген жағдайда тауар ретінде сатып алу;

3) бірыңғай оператордың талапқа сай мектеп салуы.


Соңғы жаңалықтар