«Жайлы мектеп» жобасы неге «Самұрық-Қазына» қорына берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы неге өздеріне берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әртүрлі әңгімелер шықты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы неге «Самұрық Қазынаға» беріліп отыр? Неге әкімдіктер істемейді?» деп сұрап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасында айтылды. Үш жылдың ішінде мектеп тапшылығын, үш ауысымды оқыту жүйесін жою керек. Ауылды жерлердің бәрінде дәретхана далада. Көріп отырсыздар, зорлық жасалып жатыр. Үлкен сыныптағылар сырттағы әжетханада кішілерге зәбір көрсетеді. Осы сияқты жағымсыз іс-әрекеттер көбейіп кетті. Осының бәрін қысқа мерзімде салу, әрине, тек EPC платформасында («Инжиниринг-Сатып алу-Құрылыс» қағидаты – ред.) ғана мүмкін. Сол себептен біз осыны Оқу-ағарту министрлігіне, министрлік Үкіметке, Үкімет Президент әкімшіліген жеткізіп, былтыр 28 қыркүйекте шешім шықты», - деді ол БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, жобаны іске асырудың 8 тәсілі қарастырылған.

«Бұл платформада жұмыстың 8 тәсілі болды. Соның ішінде тапсырыс берушінің функциясы жергілікті әкімдіктерден бізге берілді. Әдетте жобалаудың өзі бір жылдан асып кетеді. Соттасып жатса, одан да ұзап кетеді. Бұл платформада ондай болмайды. Жобалауға әр кезеңде сарапшылар көмектесіп отырады», - деді Мәулен Айманбетов.


Соңғы жаңалықтар