Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 29 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Жаяу жүргіншіні қағып кетіп, кейін өзенге батырып өлтірген павлодарлық сотталды

2018 жылғы 14 наурыз 20:19 961
Бөлісіңіз:
Жаяу жүргіншіні қағып кетіп, кейін өзенге батырып өлтірген павлодарлық сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаяу жүргіншіні өлтірген ауыл тұрғынын бір жарым жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылдың 21 қазанында Башмачное ауылындағы дәмханада достарымен ішімдік ішкен ауыл тұрғыны ВАЗ-2104 автокөлігімен жаяу жүргінші О.Щербакованы қағып кеткен. Ол жолда жатқан әйелді көлігіне сүйреп кіргізіп, жар жиегіне қарай жүрген. Кейін көліктен секіріп түсіп қалады. О.Щербакова болса автомобильмен өзенге құлап, мерт болады»,-деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Сот Железин ауданындағы Башмачное ауылында тұратын 26 жастағы жігіттің қылмыстық ісін ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі («Абайсызда кісі өлтіру»), 345-бабы 2-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»), 347-бабы («Жол апаты орнын тастап кету») және 99-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы («Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан») бойынша қарады.

Сот айыпталушыны бір жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Бұл мерзімнен оның 2017 жылғы 22 қазаннан бастап қамауда болған уақыты шегеріледі.

Ол жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі төмен мекемесінде өтейтін болады. Сонымен бірге мемлекет пайдасына 503 661 теңге көлеміндегі сот шығындары өндіріліп алынады. 

Фото: telefakt.ru


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат