Жаяу жүргіншілер өткелінде болатын апатты азайтуымыз керек - Атырау әкімі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қаладағы әрбір жаяу жүргіншілер өткелі жанына көше жарықтары мен және жарқырайтын белгілер орнатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдан бастап қалада  жаяу жүргіншілер өткеліне 250-ге жуық жол белгілері орнатылған.Ал келер жылдан бастап жаяу жүргіншілер өткелі жанына жарқырап тұратын жол белгілері және көше жарықтары орнатылады.

«Біз жаяу жүргіншілер өткелінен болатын жол-көлік оқиғаларын тезірек азайтуымыз керек. Бүгінгі таңда қаладағы жаяу жүргіншілер өткелі нашар жарықтандырылған, кейбірінде тіпті жарық жоқ. Көше жарығымен қатар, жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелін алыстан көру үшін жарқырап тұратын жол белгілерін  орнату қажет», - деп тапсырды аппарат жиынында қала басшысы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөліміне.

Қала әкімінің айтуынша, жоғарыда көрсетілген жұмыстар алдымен мектеп оқушыларына кедергісіз жол қиылысынан өтуді қамтамасыз ету үшін жалпы білім беру мекемелерінде жасалуы керек.

Айта кетейік, облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Атырауда жаяу жүргіншілер өткелінде 25 жол-көлік оқиғасы болған.

Соңғы жаңалықтар