Жаяу жүргінші арнайы жолақта велосипедшіге жол беруі керек - Астана қалалық ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада велосипед инфрақұрылымын дамыту мақсатында көшелердің бойына арнайы жолдар салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада ені 1,5 метр болатын 6 шақырым жол велосипедпен жүруге арналып салынды.

Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, веложолдардағы қозғалыс қауіпті болуы мүмкін. Себебі велосипед жоғары жылдамдықта жүре алатын көлік құралы екені белгілі.

Өзге көліктерге орнынан бұрылғанда, жолға шыққанда немесе жолаушыларды жолдың жүргінші бөлігінің шетінде қалдырып кеткенде, сондай-ақ, бөлу жолағының белгісі тұрған жағдайда велосипедтің жолын басуға рұқсат етіледі. Қалған жағдайларда көліктің веложолға тоқтап, тұруына тыйым салынған.

«Айта кету керек, веложолдар пайда болғалы велосипедшілерге қатысты жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Мысалы, 2017 жылы велосипедшілер 5 жол-көлік оқиғасына түскен. Осы жылдың басынан бері 1 факті тіркелді», - деді Астана қаласы ІІД өкілі.

Соңғы жаңалықтар