Жаяу Мұсаның қобызы мен қойын дәптері, Мәшһүрдің бойтұмары - Павлодар музейі Астанада

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында «Астана - Алаш арманы» тақырыптық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Уақытша көрмені ұлттық орталық Павлодар облысының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесіп ұйымдасырған. Мұнда Павлодар өңірінен шыққан атақты тұлғалар - Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және Жаяу Мұса мен Естайдың жеке бұйымдары, тұтынған заттары қойылған.

«Бұл көрме Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Сондай-ақ, биыл Павлодар өңірінің 80 жылдығы тойланады. Павлодардан шыққан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына - 160 жыл, Бұқар жырауға-  350 жыл, Естай Беркімбаевтың туғанына - 145 жыл толады. Осы атаулы даталар аясында көптеген шараларды қолға алып, көрмелер өткізіп жүрміз. Бүгінгі көрмені нағыз Рухани жаңғыру бағдарламасының шарасы деп атауға болады, себебі өскелең ұрпаққа осы жәдігерлерді, асыл мұраларымызды дәріптеу тікелей міндетіміз деп ойлаймын», - деді Павлодар облысының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры Жеңіс Молдабеков  көрменің ашылу салтанатында. 

Құнды жәдігерлер арасында әйгілі сазгер-әнші Жаяу Мұсаның қобызы мен қойын дәптері, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бойтұмары, Естай әндерінің түпнұсқа ноталары бар. Одан бөлек, көрмеден Жүсіпбек Аймауытовтың өз қолымен жасаған сызғышын, «Сюзане» кілемін, Иса Байзақовтың шапаны мен тұтынған заттарын, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалар жинағын және Шәкен Аймановтың түсірілімде киген бөрігін көруге болады. 

Көрме елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында бір ай бойы жалғасады және оны кез келген адам тегін тамашалай алады.

nullnullnullnull 

Соңғы жаңалықтар