Жауынгерлік жаттығуларға қажетті әскери техника тасымалданады - қорғаныс министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес елдің бірқатар өңіріне әскери техника тасымалданады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері артиллеристерінің лагерлік жиыны өтеді. Жиын өтетін орында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін әскери техника Ақтөбе бекетінен Маңғыстау бекетіне дейін теміржол көлігімен тасымалданады.

Сондай-ақ, әскери техниканың қозғалысы 15 тамызда да іске асырылады. Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Талдықорған, Сарыөзек және Құландыдағы әскери бөлімдер орналасқан жерлерден әскери техника лектері жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар өткізілетін Жамбыл облысы Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонына қарай қозғалады.

Әскери техника лектерінің жүру бағыттары мен уақыты жергілікті атқарушы органдармен келісілген», - деп ескертілген ведомствоның ақпараттық мәлімдемесінде.




Фото : gov.kz

Соңғы жаңалықтар