Жауын, жел, шаңды дауыл – жұмаға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстікте түнгі сағаттарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), басқа аймақтарда көбінесе жаңбыр жауады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.


Соңғы жаңалықтар