+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Жауын, жел, бұршақ- сәрсенбіге арналған ауа райы

2019 жылғы 12 маусым 00:20
Бөлісіңіз:
Жауын, жел, бұршақ- сәрсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 12 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде найзағамен жаңбырлы құбылмалы ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында - ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT