Жауын, бұршақ, жел – дүйсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай және жаңбыр күтіледі, тек оңтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта дауыл күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, кей жерлерде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар