Жауапты оператор ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиісті арзан дизельді өзі сатқан
2022 жылғы 11 тамыз 10:23

Жауапты оператор ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тиісті арзан дизельді өзі сатқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі агенттігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге жауапты оператордың бірі 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын өзі сатып жібергені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы мониторингі агенттігі мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда.

Жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге жауапты оператордың бірі монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны анықтады.

Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге қосымша кіріс алған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Фото: economictimes.indiatimes.com


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT