Жауапсыздық жалғаса берсе, аурухана да, дәрігер де жетіспеуі мүмкін - Сәуле Қисықова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясына байланысты тұрғындарды жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер де, қала тұрғындары қазіргідей жауапсыз, немқұрайды жүрсе, онда олардың барлығына ауруханалардағы дәрігерлер мен орындар жеткіліксіз болады. Сәйкесінше, тұрғындарға медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеуі мүмкін. Ұсынылған санитарлық нормаларды орындамасаңыздар, өте күрделі әрі ауыр жағдай орын алуы ықтимал», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол қала тұрғындарының көбісі коронавирус инфекциясымен байланысты күрделі жағдайды елемей жүргенін атап өтті.

«Сіздердің немқұрайды әрекеттеріңіз дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың тапшылығына алып келуі мүмкін. Мұның салдары Италиядағы жағдайдың қайталануына әкеп соқтырады. Тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекті өздерінің әрекетіне байланысты», - деді Сәуле Қисықова.


Соңғы жаңалықтар