Жауапсыз мердігерлердің кесірінен әлеуметтік нысандар құрылысы кешеуілдеп жатыр - Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ««Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауындағы азаматтарды кезекті қабылдау көптеген өтініштердің ұзақ қаралатынын, салдарынан тұрғындардың жылдап табанына таусылатынын көрсетті. Аудан әкімдері мен басқарма басшылары өтініштерді сапалы зерттеп, қалалықтарға олардың шешімін табуына көмектесуі тиіс. Осы жұмыстар бойынша мемлекеттік органдар және бастауыш партия ұйымдарының қызметтерін бағалаймын»,–деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, азаматтарды қабылдаған соң қалалық филиалдың аппараттық жиыны өткен. Партиялық бақылауы инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, коммуникациялардың жолдар мен әлеуметтік объектілер құрылыстарының кестеден тыс қалуы жұмысшы қолы мен техника жетіспейтін мердігерлердің жауапсыздығы салдарынан болатынын көрсетті.

«Партия мердігерлердің жұмысын күнделікті бақылайды. «Бастауыштардың» жұмысын күшейту үшін тренингтер өткіземіз және ақпараттық жұмысты күшейтеміз, олар жоқ жерлерде бастауыш партия ұйымдарын құрамын»,– деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар