Жатыр мойны қатерлі ісігінің асқынуына не себеп болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыратындар жыл өткен сайын жасарып келе жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жатыр мойны қатерлі ісігінің пайда болуына себеп болатын негізгі фактор – адамның папиллома вирусы. Бұл туралы бүгінгі таңда бүкіл әлем біледі. Адам папиллома вирусының 16 және 18-типі жатыр мойны қатерлі ісігін тудырады. Біздің мемлекетте адам папиллома вирусына арналған скрининг жоқ, сол себепті әйелдер тұрақты түрде дәрігерге барып, қаралып тұруы керек», - дейді бас онколог дәрігер Диляра Қайдарова.
Оның айтуынша, серігін жиі ауыстыру және басқа да себептер бұл ауру түрінің пайда болуына себепші болады.
«Қорғаныс құралдарын қолданбаған жыныстық қатынас, адам бойында бактериялық және вирустық әртүрлі инфекция болуы жатыр мойны қатерлі ісігінің пайда болуына әкеп соғады. Жыныстық қатынаспен тым ерте айналысатын қыздар әртүрлі инфекция, вирус жұқтырып алады. Соның салдарынан жатыр мойны зақымдалады. Ондай бойжеткендерде 10, 15, 20 жыл көлемінде қатерлі ісік дерті пайда болуы мүмкін. Негізі бұл ауру түрімен 40 жастан асқандар ауырады, бірақ жыл өткен сайын жатыр мойны қатерлі ісігі жасарып келеді. Бізге 1992 жылғы қыздар осы дертпен келеді», - дейді ол.
- Алматы ауруханаларында 600-ге жуық дәрігер жетіспейді
- Елорда мұғалімдері вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты
- Алматыда күрделі жөндеуден соң қалалық бейімдеу оралығы қызметін қайта бастады
- Алматы дәрігерлері науқастың жанарын сақтап қалды
-
Алматылық пациенттер ақ халаттыларға алғыс айтты
-
Алексей Цой медицина саласының басты проблемаларын атады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам