Жаттықтырушы фитнестің қандай пайдасы бары туралы айтып берді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Фитнестің адам денесі мен ағзасына беретін пайдасы көп. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне алматылық фитнес жаттықтырушы Игорь Раймбеков әңгімелеп берді.

- Игорь, жаттықтырушы ретінде фитнес пен оның пайдасы туралы айтсаңыз.

- Фитнес дегеніміз – адам денесін сымбатты қалпында сақтауға мүмкіндік беретін физикалық белсенділіктің бір түрі. Фитнес жаттығулар - адам иммунитетін нығайтып, жүрек-тамыр жүйесі ауруларын, қант диабетін алдын-алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, ол қалпына келтіру процестерін белсендендіріп, ағзаның қартаюын баяулатады.
- Фитнеске жаңадан келгендер қалай жаттығу жасау керек?
- Фитнеске жаңадан келгендер ағзасына шамадан тыс жүктеме түсірмеу керек. Олар кем дегенде алғашқы екі айда жаттықтырушымен жаттығу жасау керек. Себебі, жаттықтырушы оларды жарақат алмау үшін бағыт-бағдарлар көрсетеді. Аламдар фитнес залға денсаулығын құрту үшін емес, күту үшін келеді ғой.
- Фитнеспен ерлер ғана емес, әйелдер мен балалардың да айналысатынын білеміз. Олар үшін фитнестің қандай пайдасы бар?
- Фитнеске келген адам қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін кейбір физиологиялық ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Бұл ретте фитнестің ерлер үшін рельеф пен күшке қажетті бұлшықет массасын жинауға, әйелдерге денесін тіктеп, сымбатты болуына, ал балаларға салауатты өмір салтын ұстануға пайдасы зор.


- Фитнеспен айналысатын адам қалай тамақтану керек?
- Фитнеспен жаттығатын адам дұрыс, баланспен тамақтануы керек. Ол үшін тағамның құрамында талшық, ақуыз, май, көмірсу болу керек. Көмірсу - адамға күні бойы күш-қуат беру үшін қажет. Ақуыз - жақсы әл-ауқат пен бұлшықет массасын қалпына келтіруге қажет. Талшық - асқазанға салмақ салмау үшін, яғни, ақуызды қорыту үшін керек. Бірақ, мен адамдарға ақуызды протеинге ауыстыруға кеңес беремін. Себебі, ағза үшін ақуыз өте ауыр болады. Егер асқазан-ішек жолдарына шамадан тыс жүк түссе, гастритке әкелуі мүмкін. Сондықтан ақуыздың көп бөлігін протеинге ауыстыруға кеңес беремін.
- Кімдерге фитнеспен айналысу қажет емес?
- Орталық жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты ауыратын, қатерлі ісігі бар адамдарға фитнеспен айналыспау керек.
- Фитнесте жақсы жетістікке қалай қол жеткізуге болады?
- Фитнесте қажырлы еңбекпен ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Яғни, адам өзіне анық мақсат қойып, оған қарсы ерінбей жүруі керек. Осылай ғана фитнесте жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
- Фитнесте адамдар негізінен қандай спорттық құралдармен жаттығады?
- Фитнеске жаңа келген адамдар көбінесе гантель, штанга, гірлермен жұмыс істейді. Бұрыннан келіп жүргендер арнайы тренажерлармен де жаттығады.
- Алматыда көбінесе фитнеспен қай жастағы, қандай адамдар айналысады деп ойлайсыз?
- Меніңше Алматыда көбінесе 13-45 жас арасындағы ерлер мен жасөспірімдер фитнеспен көп айналысады. Жалпы, адамдардың спортпен шұғылданғаны дұрыс қой. Бұл біздің денсаулығымыз бен дені сау ұлт болуымыз үшін аса маңызды дүние деп ойлаймын.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Соңғы жаңалықтар