Жасымда қиындық көрдім, қартайғанда алғыс алдым - Қ.Нысанов, майдангер, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Соғыс кезінде тұтқынға түсіп, қиындық көріп едім, енді, міне, тоқсанға келгенде, Елбасы алғысын алып, бір марқайып қалдым. Бұл туралы Қазталов ауданы Әжібай ауылында тұратын майдангер Қалихан Нысанов мәлім етті.

Өзінің айтуынша, жау қолында, Австрияда қызмет еткен оның елге келгеннен кейін бірде-бір құжаты болмапты. Сол себепті көпке дейін соғыс ардагері санатына да ілінбеген. Тек Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында мұрағаттан оның әскер қатарында қызмет еткені жөнінде құжат табылып, содан кейін ғана майдангер атанған екен.

Қазталов ауданында қазіргі таңда екі-ақ майдангер қалды. Оның екіншісі Аманғали Сариев Қазталов ауылында тұрады. Ардагерлерге аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр арнайы барып, Елбасының құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлығын табыс етті. Майдангерлер өздерін ұмытпаған Президентке ризашылығын білдіріп, тәуелсіз елімізге толағай табыстар тіледі.

Соңғы жаңалықтар