«Жасылелдіктер» Оралда «Таза аула» іс-шарасын ұйымдастырды

None
None
ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы Орал қаласында «Таза аула» іс-шарасын ұйымдастырды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық штаб менеджері Ермек Мұхамбетқалиевтің айтуынша, «Жасыл ел» сарбаздары қаладағы бірнеше көпқабатты үйдің ауласын ретке келтірді. Нақтылап айтқанда, әткеншектер мен орындықтарды сырлау, тал-теректердің түбін қопсыту, әктеу, кіреберістерді қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды.

Жалпы, «Жасыл ел» жасақтары жаз бойы еселі еңбек етуде. Ертең Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында еңбек семестрінің екінші кезеңі қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар