USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

2021 жылғы 29 қараша 17:08
Бөлісіңіз:
«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы баламалы энергия үлесін арттыруда. Бүгінде өңірде бес күн электр станциясы, екі биогаз қондырғысы мен шағын ГЭС жұмыс істейді. «Жасыл» энергетиканың жалпы қуаты 200 мегаваттан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында бес жаңа емхана ашылады Қарағандылық биатлоншы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға лицензия ұтып алды Қарағанды облысының 8 ауданында мектептердегі сабақ тоқтатылды

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Жаңартылатын және баламалы энергетика өндіретін жаңа нысандар белсенді түрде салынып жатыр. 228 МВт-қа 8 жоба іске асырылды. Балқаш маңында 100 МВт күн электр станциясы салынуда. Саран қаласында 100 МВт және одан жоғары жинақтауыштары бар гибридті күн станциясының құрылысы жоспарлануда», – деп хабарлады өңір басшысы.

«Жасыл» энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Инвестициялар 100 млрд теңгеден асты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT