«Жасыл елде» жұмыс істейтін алматылық оқушылар қанша еңбекақы алады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Жасыл ел» жасағында жұмыс істейтін алматылық оқушылар қанша еңбекақы алады? Бұл сұраққа жоба жетекшісі Зухра Иманбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, жоба аясында әр балаға 70 мың теңге төленеді, бір айлық жұмысы үшін жасақ жұмысшылары қолына таза 54 мың теңге алады. «Жасылдар» жасағындағылар толық жұмыс күні кестесімен істемейді, бастысы бес күндік жұмыс аптасында 40 сағат жұмыс істесе жеткілікті.

«Жұмысқа тұру үшін кәмелет жасына толмаған жасөспірімге ата-анасының рұқсаты керек, әрбір «жасыл ел» қатарына қабылданушымен жасақта жұмыс істеу мерзіміне еңбек келісімшарты жасалады (маусымнан тамызға дейін істеуге болады). Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттар тізімі көп емес – жеке басты растайтын куәлік және еңбекақы түсіп тұратын «Қазпоштаның» шоты қажет», - деді спикер өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Жұмыс орны, жұмыс кестесі, мерзімі, жұмыс шарттарын +7 708 928 50 72 телефон нөмірі арқылы біліп, кеңес алуға болады.


Соңғы жаңалықтар