«Жасыл ел» жастары Атырау облысында археологиялық зерттеулер жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы ашылды. Биылғы жылы студенттер мен жұмысшы жастардың саны 2150 адамға дейін артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасыл елдің жұмысы Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының  қолдауымен өткізіліп жатыр. «Жасыл ел» жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың бесенділігін көтеру мақсатында жұмыс жасайды.

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, ағымдағы жылы «Жасыл ел» жасағына қатысатындар саны артқан.  Алдыңғы жылдары 700 сарбаз болса, 2017 жылы 2 мыңнан асқан. Ал биыл 2150 сарбазға дейін жетті. Жасыл елде қызмет атқаратын жастар  салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 61 мың теңге жалақы  алатын болады.

null

«Жас Отан» жастар қанаты төрағасының айтуынша, бүгінде халық көп жүретін жерлер мен саябақтарда абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жасыл ел» жасағы көгалдандыру мен археологиялық бағыт бойынша, жұмыстар атқарады. Археологиялық бағытта жастар Сарайшық пен Қарабау елді мекендеріне барып, зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Жоспар бойынша, қазан-қыркүйек айларында қалаға тал егу жұмыстарын жүргізетін боламыз», - дейді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Абылай Құрметұлы.

Айта кетейік, «Жасыл Ел» 2005 жылы Елбасының бастамасымен басталған болатын. Дәстүр бойынша, жасыл елдің жұмысы 1 маусым күні басталып кетті. Ресми ашылуы екі аптадан кейін болып отыр.

«Жасыл ел» жасағына 16 мен 29 жас аралығындағы студенттер мен жастар қабылданады. Қабылдау жұмыстары жаз бойы жүргізіледі.

null

Соңғы жаңалықтар