«Жасыл ел» республикалық штабының жаңа жетекшісі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азамат Данияр «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы» жеке мекемесінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан жастары конгресіне сілтеме жасап.

Азамат Данияр 1996 жылы 17 наурызда туған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдады.

Жастар саясатында айтарлықтай тәжірибесі бар.

Еңбек жолын «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалында бастап, 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан жастары конгресінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, 2019 жылдың басынан «Жасыл ел» ЖЕЖ Республикалық штабы жетекші орынбасарының қызметін атқарды.

Бұрын бұл лауазымды атқарған Әсем Мадекешова «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары қызметіне ауысты.


Соңғы жаңалықтар