«Жасыл ел» еңбек жасақтарының атқарған жұмыстарын қорытындылаған конференция өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәжіліс залында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2014 жылы атқарылған жұмыстары жайлы қорытынды конференциясы өтті.

Конференция барысында облыстық «Жасыл ел» штаб жетекшісі Жасұлан Алдабергенов 2014 жылы атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасының бастамасымен "Жасыл ел" бағдарламасы кең қанат жайды. Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат тұтады.

Тәуелсіз мемлекетімізде 2005 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 9 жылдан бері Қызылорда өңірінде де белсенді қызмет атқарып келеді.

Ұйымның басты мақсаты - жастардың көмегімен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.

Осы бағытта «Жасыл ел» еңбек жасағына 2013 жылы 500 сарбаз тартылып, аталмыш қызметке 7 млн, 750 мың теңге қаржы бөлінсе, биылғы жылы 1010 сарбаз еңбек майданына атсалысып, қарастырылған қаржы көлемі 26 млн. теңгені құрап отыр.

Жасыл елдегі жастар қатары тек қана аймағымыздың көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз - Қазақстанның өркендеуіне жаңа буынды тәрбиелеуде маңызы зор.

Соңғы жаңалықтар