+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

«Жасыл экономиканың» болашағы жарқын

2016 жылғы 21 шілде 17:42
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ұсынған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы еліміздің энергетика саласын дамытудың басым бағытына және елімізде келер жылы өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің басты тақырыбына айналды. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады»,- деген болатын.

Осы ретте, «жасыл экономика» ұғымына түсінік бере кетелік. Жасыл экономика - Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттеме­лерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қор­ларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын бас­қару мен тұтыну, көлік және жол инфрақұрылымы жасыл эконо­миканың негізгі секторлары болып саналады.

Сонымен қатар, жасыл экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама бойынша, жасыл жобаларға са­лынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімділігі 50%-ды құрайды, оның өзін-өзі ақтау мерзімі екі жылға созылады. «Жасыл» экономикаға салынған инвестиция активтердің жылдам өсіп келе жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының көлеміне жақындайды. Сондықтан, жасыл экономикаға көшу үдерісі мемлекеттің жіті назарына алынып, қарқынды жүргізіліп келеді.

Елбасының Жарлығымен «Қазақстан - 2050» стратегиясын және 2013 жылы қабылданған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру мақсатында арнайы кеңес құрылып, ол осы тұрғыдағы басым бағыттар бойынша сектораралық диалогты ұйымдастыру үшін бірегей алаңға айналды. Кеңес Париж климаттық келісіміне қосылуға бағытталған жүйелі жұмыстар мен «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдасын жүзеге асырумен айналысады. Былтырғы жылдың қыркүйегінде өткен Кеңес отырысында парниктік газдарды 1990-жылдардың деңгейіне қарағанда 2030 жылға қарай 15-25%-ға ерікті түрде төмендету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Елбасының Париж келісіміне қосылу туралы Жарлығының жобасы әзірленді. Жалпы, Париж келісімі ғаламдық жылыну деңгейін асырмай ұстап тұру үшін атмосфараға шығатын парник газдарының көлемін шектеуді көздейді. Қазақстанда 1990-2014 жылдар аралығында шығарындылар 3,18 млрд тоннаға азайды. Сонымен бір мезгілде абсолюттік шығарындылар көлемі энергоқамтымдылықтың төмендеуіне қарамастан 2001-2015 жылдар аралығында 2,1 есеге артқан. Қазақстанда шығарындылардың үлкен көлемі энергетика саласымен қоса, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына да тиесілі.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, былтыр елімізде электр стансалары 91 млрд. кВт электр энергиясы өндірген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 130-175 млрд. кВт-қа жетеді деп болжанып отыр. Мамандардың пікірінше, электр энергиясын өндіру көлемінің артуы парниктік газдар шығарындыларын ұлғайтпауы тиіс. Бұл ретте бірқатар шараларды дер кезінде қабылдау маңызды. Бұл біріншіден, жаңа технологияларды енгізу. Екіншіден, қуат стансаларында жаңартылатын энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттыру қажет. Үшіншіден, энергияқамтымдылық пен электр энергиясын «жоғалтуды» төмендету керек.

Келер жылы елімізде «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесі өтетіні белгілі. Басты тақырыбы «жасыл экономика» болғандықтан, бұл Қазақстанның «жасыл» дамудағы старттық нүктесіне айналуы тиіс. Сондықтан, қай тұрғыдан алсақ та, жасыл экономиканы дамытудың маңызы зор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT