Жасыл даму ӨКМ Операторының толық құқықты мұрагері болады
2022 жылғы 14 мамыр 02:13

Жасыл даму ӨКМ Операторының толық құқықты мұрагері болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жасыл даму» АҚ «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның толық құқықты мұрагері болады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметтің 18 қаңтардағы қаулысына сәйкес, «Жасыл даму» АҚ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалған. Қазіргі уақытта оператор «ӨКМ Операторы» ЖШС-нан Экологиялық кодексте көзделген міндеттемелерді, оның ішінде қаржылық міндеттемелерді, активтер мен ақша қаражатын қабылдау рәсімін жүзеге асырады. Осылайша екі тараптан барлық қажетті корпоративтік шешімдер қабылданып, құқық қорғау органдары «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жекелеген лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істер шеңберінде салынған банктік шоттардан шектеуді алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін «Жасыл даму» АҚ бұрынғы оператор ретіндегі соңғы өкілеттікті жүзеге асыру аясында «ӨКМ Операторы» ЖШС міндеттемелерінің толық құқықты мұрагері болады.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT