Жасыл белдеу: Астана айналасында 1 млн-ға жуық ағаш отырғызылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елорда іргесінде 890 мың 151 түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл белдеу» жобасы жалғасын тауып келеді. Нұр-Сұлтан қаласының маңын орманға айналдыру жұмысы жалғасып жатыр. Осы орайда биыл қала бюджетінен «Жасыл белдеу» жобасына 2 млрд 95 млн теңге бөлінді. Ол қаражатқа 890 мың 151 түп ағаш отырғызылды. Ағаш отырғызылған жердің аумағы 838 гектарды құрайды», - деді Ерсін Өтебаев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесінің отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған бағыттағы жұмыс алдағы жылдары жалғасын табады.

«Сонымен қатар қала ішін де көгалдандыру жұмысы қарқынды жүріп келеді. Ол үшін «Астана-Зеленстрой» ЖШС-не 1 млрд 623 млн теңге бөлініп, оған 40 бірлік техника мен 72 бірлік қосымша жабдық сатып алынды. Биыл ол соманың 562 млн теңге игерілді. Қалғаны жоспар бойынша 2026 жылға дейін жүзеге асады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған жиында келесі жылы елордада бірнеше қосымша білім беру ұйымының ашылатыны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар