«Жасыл» аймақтағы Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы коронавирус ахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта орналасуына байланысты өңірде карантиндік шектеулер жеңілдетілді.

Облыста күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес ашық және жабық базарлардың, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне рұқсат етілді.

Сондай-ақ, санитарлық нормаларды сақтай отырып, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарының, монша, йога-орталықтарының жұмысы жанданды.

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, бизнес-орталықтар және басқа да офистер қызметкерлерінің 30% қашықтықтан жұмыс режиміне және 70% күндізгі жұмыс режиміне ауысады.

Балалардың ойын-сауық орталықтарына (ойын алаңдары, ашық және жабық үй-жайлардағы аттракциондар) сыйымдылықты 30% асырмай жұмыс істеуге рұқсат.

Ал, мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері сыйымдылықты 50%, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істей алады.

Қаулы 2021 жылғы 17 мамыр, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар