Жасыл аймақтағы Атырау облысында вирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 20 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарларда қауіпті вирусты жұқтырған 136 науқас емделіп жатыр.

«Өңірдегі 580 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме 23,4%-ды құрап отыр. Стационарлардың 58 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімшелерінде жағдайы ауыр 20 науқас оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 6 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімшелердегі жүктеме – 34,5%» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустан 2 науқас қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар