Жасыбай көлі 400 келіге жуық қоқыстан тазартылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» қауымдастығы Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариевтің қолдауымен экологиялық акция ұйымдастырды.

Оның мақсаты Баянауыл ұлттық паркіндегі Жасыбай көлінің туристік аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.

13-14 тамыз күндері «Болашақ» қауымдастығының мүшелері Жасыбай көліндегі халыққа кең танымал «Махаббат» аралы орналасқан аймақты және су жағалауы аумағын санитарлық тазартуға арналған іс-шаралар кешенін өткізді. Баянауылдың көлемі жағынан екінші саналатын бұл көлі жоңғар шапқыншылығы заманында қазақ даласы үшін ерлікпен күрескен Жасыбай батырдың құрметіне аталған.

«Махаббат» аралы атауының да өз тарихы бар: бұл жер әйгілі қазақ лирикалық эпостық поэмасының кейіпкерлері Баян сұлу мен оның сүйіктісі Қозы көрпеш туралы көптеген сүйікті аңыздардың бесігі.

Көлдің түбі мен аумағын тазартуға тәжірибелі дайверлер және 40-тан астам еріктілер, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты. Қоршаған ортаның жай-күйіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтар да осы акцияға қосылды. Олардың арасында «Next Generation Programmers» атты бағдарламалау жазғы мектебінің өкілдері және АҚГ пен Ұлыбритания студенттері бар.

Өткізілген акция нәтижесінде жағалаудан 300 келі және көл түбінен 100 келіден аса тұрмыстық қоқыс жиналды. Қауымдастық алдағы уақытта да осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлайды. Бұндай форматтағы экологиялық акциялар, табиғатқа шығып көтеріңкі көңіл-күйде, белсенділікпен, ең бастысы уақытты пайдамен өткізуге және ойы ұқсас адамдармен танысуға тамаша мүмкіндік береді.

«Осындай акция өткізудің өзі және оны қолдаған еркітілердің саны жағынан көп болғаны көп нәрсені білдіреді. Күш-жігерімізді біріктіріп, біз өз қадамымызбен қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал етудің тетігі ретінде экологияны жақсарту шараларын өткізу азаматтардың өз қолында екендігін үлгі етіп көрсеттік. Бұл әсіресе, Баянауыл сияқты туристер үшін тартымды, әрі табиғи құныдылығы зор орындарға қатысты», - деп атап өтті «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Азамат Божақов.

Жасыбай көлін тазартуға арналған экологиялық акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қауымдастықтың 15-жылдығына арналған «Болашақ» қауымдастығының «25 Қайрымды іс» атты жобасы аясында қоршаған ортаны қорғау бағытында жүргізілді.

Жоба 8 бағытты қамтиды: бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар