Жасы 500 жылдан асқан тірі акула табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғалымдар Солтүстік Атлантикадан жасы шамамен 500 жылдан асқан акуланы тапты, деп хабарлайды The Sun.

Оның гренландиялық акула түріне жататыны аталып өтілді.

Әдетте, акуланың жасын денесінің көлеміне қарап анықтауға болады, себебі мұндай акулалар жылына бір сантиметрден ғана өседі.

Табылған акуланың денесінің ұзындығы 5,4 метрді құрайды.

Жануар 1505 жылы тууы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар