«Жастық шақтың қателігі» атты поэтикалық деректі фильм түсіріліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі документалист Бақыт Қайырбеков «Жастық шақтың қателігі» атты жаңа жобасына кірісті. Бұл - Тәңірі мен Аспанның бейнесін жаңғырту туралы поэтикалық деректі фильм. Туынды ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта түсірілім тобы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Үшқоңыр үстіртінде жұмыс істеп жатыр.

Картинаның түсірілімі мамыр айынан маусымның ортасына дейін жалғасады.

Жұмыстың бірінші және ең қиын бөлігі Иорданияда, әйгілі Петра қаласында өтті.

Картинаның продюсері Айгүл Черендинованың айтуынша, фильмнің бүкіл негізгі көріністері түсіріліп бітті, тек натура және деректі кадрлар, сондай-ақ павильонда бірнеше түсірілім жұмыстары қалды.


«Бақыт Ғафуұлы - негізінен қазақ салт-дәстүрлерін түсіндіру маманы. Бұл фильмде өзіміз бен ең көне шумер мәдениеті арасындағы жаһандық байланысты көреміз. Бұл жайында Олжас Сүлейменов өзінің «Шумернаме» кітабында айтып кеткен. Режиссер Сүлейменовтің прозалық шығармашылығын қайта қарастырып, салт-дәстүр поэтикасын жеткізуге және көрнекі бейнелер арқылы қазақтардың мифологиялық санасын қайта жаңғыртуға ұмтылады», - деп атап өтті продюсер.


Авторлар үлкен прокатқа шығуға үмітті, сонымен қатар халықаралық кинофестивальдерде туындыларды ілгерілетуге маманданған компаниямен ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

«Бір жағынан, бұл фильмде ашылған тақырып ең алдымен өзіміз үшін маңызды екені анық. Бұл - қазақтың дүниетанымы. Бізге өзімізді тану фильмді шетелдіктерге көрсетуден маңызды», - деп қорытындылады А.Черендинова.



Соңғы жаңалықтар