Жастарымыздың дамуына мемлекет барлық мүмкіндік пен жағдайды жасап жатыр - Егізбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жастарымыздың дамуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып жатыр. Бұл туралы «Біз - ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Серік Егізбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бабаларымыз ертеден аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, Ұлы дала төріне әлем мойындаған мемлекет құрғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Бұл аралықта еліміз тұрақты даму жолына түсіп, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген болатын», - деді ол.

Оның атап өтуінше, әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік сезім.

«Ежелден ата-балаларымыз өз атамекенін, Отанын, тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен мемлекеттік рәміздерін жүрекпен сүйе білген, қорғаған әрі келешек ұрпағына да сол отансүйгіштік тәрбиені берген. Жастар – сіздер болашақтың мәңгілік қозғаушысы, үлкен күшсіздер. Оған дәлел ел намысын байрақты бәсекелер мен дүбірлі додаларда қорғап, күн астында қыраны қалықтаған көк туымызды биіктен жебіретіп жүрген жас жерлестеріміздің жетістіктері. Қазақстан халқының әр бесінші азаматы 14-тен 29 жас аралығындағы ел жастары саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстаның болашағы саналы әрі талапты ұрпақтың қолында» деген болатын. Жастарымыздың дамуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып жатыр. Олардың әл-ауқатын жақсарту мен болашақ сенім арттыру ел Президенті жүргізіп жатқан жастар саясатының басты бағыты», - деді Серік Егізбаев.


Соңғы жаңалықтар