Жастарымыз шетелде жүрсе де сол жақтан ел мүддесіне қызмет жасай алады - Президент

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жастардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ 1 телеграм каналына сілтемемен.

«Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білгені жөн деп санаймын. Жастарымыздың кез-келген сәтте елге оралуына мүмкіндік бар. Тіпті, шетелде жүрсе де сол жақтан ел мүддесіне қызмет жасай алады. Біз оларға мемлекетшілдік рухын сіңіріп, ел игілігіне қызмет етуге жұмылдыра білуіміз керек. Бүгінгі жастар заман талабына тез бейімделе алады. Олардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш. Өскелең ұрпақтың осы әлеуетін дұрыс арнаға бағыттау – біздің міндетіміз», - деді Президент.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырған болатын.




Фото:t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар