Жастармен жұмыс барысында ведомствоаралық қатынасты күшейту маңызды - Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар саясатын тиімді алға жылжытуда ведомстволық қарым-қатынасты күшейту маңызды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы туралы баяндаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент «ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты» деген. Сондықтан мемлекеттік жастар саясатының мақсаты - оларға толыққанды рухани, мәдени білім беру, кәсіби және физикалық тұрғыдан жан-жақты қолдау білдіру. Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін ведомстволық қарым-қатынасты күшейту маңызды. Сондықтан да әр сала бойынша сапалы жұмыс жүргізіп, бұл бағытты жан-жақты дамыту қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, жастармен жұмыс жүргізу бойынша қажетті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және концептуалдық база бірқатар құжатта көрсетілген. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі «Мемлекеттік жастар туралы» Заңмен белгіленген. Ал стратегиялық бағыты «2020 болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясаты тұыжырмдамасында көрініс табады. Сондай-ақ жастардың осал топтарымен, яғни жұмысы жоқ, еңбек етуге, білім алуға ынталанбайтын жастармен жұмыс істеуге бағытталған жол картасы да бар.

«Сол топтарды еңбекке тарту, жұмыспен қамтуды қарастырып отырмыз. Жастарымыздың қоғамдық сана-сезімін ояту, жаңашылдыққа ұмтылуға жол ашу үшін рухани бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.

ҚХА-мен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мақсатымыз - жастарымызды толеранттылық бағытында, шыдамдылық пен жоғары этика тұрғысында тәрбиелеу», - деді Д.Абаев.

Соңғы жаңалықтар