Жастарға өткен ғасырдағы қазақ халқы басынан өткерген нәубетті кезеңі жайында көбірек айту керек - А. Идигов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастарға өткен ғасырдағы қазақ халқы басынан өткерген нәубетті кезеңі жайында кеңінен айту керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан халқы Ассамблесы (ҚХА) журналистер клубы төрағасының орынбасары, Алматы облысының ҚХА журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов мәлім етті.

«Қазақстан халқы достық пен өзара түсіністік жағдайында өмір сүріп жатыр. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап түрлі ұлт өкілдерін қазақ жеріне аударылғанын білесіздер. Сол кезде қазақ халқы қиын жағдайдың шырмауында болған еді. Яғни, «мың өліп, мың тірілген қазақ халқы» деп бекер айтпаған. Бұған қарамастан, Қазақстан аумағына көптеген ұлттардың өкілдерін жер аударып жатты. Атап айтқанда, қазақ халқының өзіндік дәстүрі бар, оның үстіне ділі бөлек өзге ұлттар осы жерге мәжбүрлі қоныстандырылды. Сол кезде осы жерде өте үлкен сынақ болды. Бірінші кезекте қазақ халқы үшін. Сондағы нәубетті кезеңді сол жылдары бірлесе баршамыз еңсерген болсақ, ең алдымен бұл - қазақ халқының еңбегі. Ешкімді кеудесінен итермей, барлығына бір шаңырақтың астында орын берді», - деп тоқталды Атсалим Идигов.

Оның сөзіне қарағанда, осындай достық, бауырластық қатынастарды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау керек.

«Мәселен, біздің буынды толеранттылыққа насихаттаудың қажеті жоқ, себебі, біз оны көрдік және жақсы түсініп отырмыз. Өткен ғасырда қазақ халқының басынан өткерген қиындықтарын, Қазақстанға қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің нәубеті жайында жастарға көбірек айту керек. Олар осында тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы білуі керек. Атап айтқанда, бұл бағыттағы тарихпен жастар жақсылап танысуы тиіс. Тек сонда ғана ұрпақтан-ұрпаққа бір отбасының балаларындай бірлік пен бейбітшіліктегі өмірімізді жалғастыра аламыз», - деп түйді ҚХА мүшесі.

Соңғы жаңалықтар