Жастарға мақсаткерлік, еңбекқорлық және креатив қажет - Самира Тайтенова

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жастарға мақсаткерлік, еңбекқорлық және креатив қажет. «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі жастар экономикалық, мәдени және саяси тұрақтылығы бір-бірін серпінді алмастыратын оқиғаларға толы елде өмір сүріп жатыр. Бүгінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, халықтың табысын көтеру - басты мақсат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше мән беріп отыр. Қазіргі кезде «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы жүзеге асырылуда. Ақмола облысында бұл жоба «Ақмола - адалдық алаңы» атауымен белгілі. Бұл жоба тұрмыстық жемқорлық деңгейін азайтуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтар үшін жайлы және кедергісіз жағдай жасауға және басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған», - дейді ол.

Оның сөзінше, жемқорлық рухани құндылықтар дағдарысы жағдайында, материалдық игілік рухани игіліктен қымбат болған жағдайда туындайды. Осы себепті «Ақмола - адалдық алаңы» жобасының қызметінде жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауатын арттыру бойынша жұмысқа зор мән беріледі.

«Бүгінгі таңда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түзетулер пакетін әзірлеуді тапсырды. Президент өз сөзінде «Өмірде ең бастысы - адамның парасаты, білімі, жоғары кәсіпқойлығы және өз Отанына адалдығы» деп атап өткен еді. Шынымен де мені, жастар өкілі ретінде «Жастар - прогресс қозғалтқышы» деген месседж шабыттандырады. Біз - Қазақстанның жас ұрпағы, Қазақстанның дамуында шешуші рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күші болуымыз керек. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай, арнайы жоба жұмыс істей бастады. «Жас кәсіпкер» жастардың бизнес бастамаларының бағдарламасы іске асырылуда, жастардың стартап жобаларына белсенді қолдау көрсетілуде. Бүгінгі күні әрқайсысымыз ең үлкен арманымызды жүзеге асыра аламыз және өзіміздің жеке табыс жолымызды жүріп өтуге мүмкіндігіміз бар. Тек мақсаткерлік, еңбекқорлық және креатив қажет», - дейді Самира Тайтенова.

Соңғы жаңалықтар