Жастарға қауіпсіз сексуалды мінез-құлық машықтарын үйрету керек – Лейла Махмудова

None
None
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Қазақстандағы әйелдер мен қыз-келіншектер өздерін қауіпсіздікте сезіне алмайды. Бұл туралы елордада өткен «16 жасқа дейінгі және одан асқандар. Маңызды әңгімелер» тақырыбындағы талқылауда айтылды.

«Қазақстандағы әйелдер мен қыз-келіншектер өздерін жұмыста да, қоғамдық көлікте, тіпті үйде де қауіпсіздікте сезіне алмайды. Қазір зорлық-зомбылықтың көбі үйде болып жатыр. Қоғам мен мемлекет «Қандай жағдай орын алса да әйелдің өзі кінәлі шығар. Ол жолдасы, ағасы немесе жігітінің көңілінен шыға алмаған болар» деп ойлайды. Бұл ой қайдан пайда болады? Себебі біздің мемлекет тең құқықты емес», - дейді Гендерлік және білім беру бағдарламаларының бастамашысы және менеджері Лейла Махмудова.

Әр жыл сайын Қазақстанда жеткіншектер жүктілігі, көшеде тастанды нәрестелер, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық, суицид жағдайлары мыңдап тіркелуде. Мұндай жағдайда жас қыздар мен жігіттер өзін физикалық және эмоционалдық тұрғыдан қорғау керек. Оларға қауіпсіз сексуалды мінез-құлық машықтарын үйрету, ақпараттық шешімдер қабылдап, біреуге «жоқ» деп айта алмайтындай өзің құртатын таптаурындарды еңсеру үшін жыныстық және гендерлік білім беру керек.

Лейла Махмудова феминистер ер адамдарға емес, патриархалды жүйеге қарсы екенін айтты.

«Қазақстанның өзі даму жолы, өз мәдениеті мен менталитеті бар деген – жалған әңгіме. Кейбір мемлекет бұл жолды өтіп кетті, кейбір мемлекет осы сатыда. «Біздің болмысымыз ерекше» деп ойлайтын мемлекеттер де бар. Шын мәнінде олай емес. ХІХ ғасырда британиялық әйелдер өздерін қоғамның мүшесі ретінде сезінбеген, себебі ол кезде әйелдердің мемлекет азаматшасы ретінде ешқандай құқығы болмаған. Ал мемлекет азаматы болу деген не? Ол – жергілікті деңгейде, мемлекет деңгейінде басшыны таңдай білу құқығы. Яғни, қоғамдағы, мемлекеттегі өзгерістерге ықпал ете алу мүмкіндігі», - дейді Лейла Махмудова.

«Бала және денсаулық» әлеуметтік жобасының шеңберінде өткен шараны Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, «Шығармашылық бастамадағы әйелдер лигасы» ҚБ, Uyatemes.kz жобасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Y-PEER Kazakhstan қозғалысы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар