Жастарға айтып қояйын, бізде ең көп неке қазан айында қиылады - Дәленов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға қарай Қазақстанда жыл сайын 150 мың неке қиылатын болады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдардың жиі ажырасуына БАҚ-тың жіті назар аударып кетуіне байланысты таяуда статистикаға көз жүгірткен едім. Жыл сайын елімізде 140 мың адам некелесіп, өкінішке қарай 55 мыңы ажырасуға өтініш береді екен. Егер неке қию динамикасына қарайтын болсақ, шынымен де оның төмендегені байқалады», - деді ол.

Осы ретте министр некелесудің төмендеуі 90-шы жылдардағы демографиялық ахуалға байланысты екенін айтты. Себебі, сол жылдары дүниеге келген буынның саны аз болып тұр.

«Біз «Бұдан әрі не болады? 2000 жылдардағы біздің бейби бум қайда?» деген сауалдар төңірегінде ойландық. Болжамдарға қарадық. Енді 5-6 жылдан кейін біз неке қию бойынша ең жоғары шекке жетеміз. 2025 жылға қарай елімізде қиылатын некелердің саны 150 мыңнан асып түсетін болады. Қызық үшін, жас қыздарға айтып қояйын, бізде ең көп неке қазан айында - шамамен 13,5 мың, ең азы (8,5 мың) - ақпан айында қиылады», - деді Руслан Дәленов.

Соңғы жаңалықтар