Жастарға арналған жаңа мемлекеттік сыйлық пайда болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Дала дауысы» ұлттық сыйлығының қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ жазушылар мен драматургтерге берілетін «Айбоз» сыйлығы бар. Қазіргі таңда оған іріктеу жүріп жатыр. Ал композиторларды қолдау мақсатымен «Дала дауысы» жобасы қолға алынды. Ол байқау желтоқсан айында мәресіне жетеді. Мұнда да опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүрген сазгерлер марапатталады. «Республика әні» атты эстрадалық әндер жүлдесі тағайындалған. Осы сыйлықтар арқылы біз өнердің әрбір саласын қамтуды көздедік. Ауқымы үлкен болғандықтан «Umai», «Айбоз», «Дала дауысы» сияқты бірнеше тақырыпқа бөліп отырмыз», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, келер жылы мәдениет саласындағы жастарды қолдауға арналған жаңа сыйлық тағайындалмақ.

«Келесі жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Жастардың мемлекеттік сыйлығы тағайындалады. Ол 2023 жылдан бастап беріледі», - деді Нұрғиса Дәуешов.


Соңғы жаңалықтар