+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Жастарға арналған тарихи бағдарламалар мен жобаларды көбейту керек – Аида Балаева

2021 жылғы 28 мамыр 20:34
Бөлісіңіз:
Жастарға арналған тарихи бағдарламалар мен жобаларды көбейту керек – Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жас ғалымдармен кездесуде жастарға арналған арнайы тарихи бағдарламалар мен жобалар көлемін ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты  жастар форумы өтті Нұр-Сұлтанда талантты жастар «Елбасы медалімен» марапатталды Қызылордада жастар мәселесіне ерекше назар аударылуда

«Біздің қоғам біржақты емес, оның көптеген тараптары бар. Ал олардың барлығы өз пікірін білдіргенде біздің жастар алуан пікірдің ішінде нақты тарихи мағлұмат не болмаса тарихи ақиқатқа көз жеткізе алмай жатады. Әлі күнге дейін Кеңес үкіметін аңсап, соған қайта оралуды қалайтын азаматтар да жоқ емес», - деді А. Балаева «АЛЖИР» кешенінде жас ғалымдармен кездесуде.

Министр ақпарат құралдарының жастарға қызықты форматтағы дүниелерді ұсынуы қажеттігін баса айтты.

«Зерттеулер көрсеткендей, телеарналардан қанша көрсеткенімен жастар қазіргі форматтағы бағдарламаларды көрмейді. Оны ғылымда жүрген не болмаса мемлекеттік қызметте жүрген 30-дан асқан азаматтар көруі мүмкін. Ал жалпы жастар біздің арнайы жасалып жатқан бағдарламаларды көрмейді. Сондықтан біздің қазіргі мақсатымыз – осы. Сана танымдық және ағарту бағдарламаларынан өзгереді», - деді Ақпарат министрі.

А. Балаева «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазын мысалға келтірді.

«Байқауға қатысқан жігіт Жапонияға кеткелі жатқан жерінен химия пәнін TikTok-та үйрету арқылы өзінің басқа жолын тапты. Біз де сондай жолдарды ойластыруымыз керек. Біздің жастарымыз жаман емес. Олардың рухы да, намысы да, ойы мен жігері де бар. Бірақ біз өзінің тарихын білетін және болашаққа ой тастайтын жастарды қалыптастыруымыз керек. Осы кездесудің ұсынысы ретінде тарихи тұрғыдағы жастарға арналған арнайы бағдарламалар мен жобаларды көбейту мәселесін қарастырайық, - дейді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT