Жастардың саяси өмірге қатысуына сұраныс Парламентке 30% квота арқылы жүзеге асты – саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия жағдайында халықтың 63%-ы сайлауға қатысты. Демек сайлауға дайындық жүргізілген бір жыл босқа өткен жоқ. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында саясаттанушы Жанар Түлендинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлауды өткен жылы басталған биліктің транзиттік кезеңдерінің бірі ретінде қарастырған жөн, бұл қазақстандық қоғамдағы сұранысты айқын көрсетті. Сайлауға дайындық жылы жемісті пайдаланылғанын көреміз. Жастар қозғалысының сұранысы тұрғысынан қарайтын болсақ, жастардың саяси өмірге араласуын қолдау 30% квота берумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, квота әйелдер тарапына да берілгенін айта кеткен жөн. Сайлау өтпес бұрын Парламенттің құрамы жаңартыла ма деген сұрақ туындаған еді. Жаңару партиялық брендтерге ғана емес, жаңа тұлғаларға да қатысты болды. Билік партиясы сайлауға дейін ішкі партиялық іріктеу жүргізе алды», - дейді Жанар Түлендинова.

Ол эпидемиологиялық жағдайға қарамастан сайлауға қатысушылар 63%-дан асқанын айтты.

«Экономикалық дағдарыс, пандемия, әлеуметтік салалардағы пайда болған мәселелер – саяси жағдарыс тәуекелін күшейтті, бірақ оның алдын алуға болды. Сайлау көрсеткендей, мәслихаттар деңгейіндегі партиялардың кандидаттары партиялық брендтердің танымалдығын арттыруға мүмкіндік берді», - дейді саясаттанушы.


Соңғы жаңалықтар