Жастардың сәби сүюіне көмектесетін сенім телефоны іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа әлеуметтік жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастығы» жүзеге асыруда.

Жоба аясында жастар арасында сәби сүю үшін денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау әдістері, ерте жүктіліктің алдын алу және ескерту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша консультациялық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Білікті психологтар мен медицина қызметкерлері 8 8000 040 540 сенім телефоны арқылы кеңес бере алады.

Егер контрацепциялық әдістер, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар мен АИТВ алдын алу, ана сүтімен бала емізудің маңызы, босанудан кейінгі қалыпқа келу және репродуктивті денсаулық бойынша басқа да сұрақтарыңыз болса, күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жоғарыда аталған нөмірге хабарласуға болады.

Қалалық және ҚР басқа да мобильді телефондарынан қоңырау шалу тегін.


Соңғы жаңалықтар