Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға қатысты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жаңа әлеуметтік жобасын жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аталмыш шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлеткеттік гранты аясында «Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастығы (КМПА)» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.

Жобаның мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға көмек көрсету.

Әлеуметтік жоба 2020 жылдың қыркүйегінен бастап іске асырылуда, жоба шеңберінде халық арасында, отбасын жоспарлау әдістері, ерте жүктіліктің алдын алу және ескерту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың профилактикасы бойынша консультациялық, ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Әлеуметтік жоба аясында білікті психологтар мен медицина қызметкерлері Сізге сенім телефоны арқылы кеңес береді. Тел:8 8000 040 540»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар