Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы жоғары - саясаттанушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзіне талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлықтау рәсімінде Президенттің және оны ұсынған саяси партияның сайлауалды науқанда берген барлық уәдесі айтылды. Және Президент сөзі ең ірі 4 бөлімнен құралды. Оның алғашқысы - жаңартылған әлеуметтік саясат жөнінде. Бұл жерде ынтымақтастық пен жауапкершілік деңгейі жоғары. Екінші бөлікте қоғамдық сана, ұлттың бірлігі, азаматтық қоғам, оның ішінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру сынды барлық бағыт қамтылған», - деп атап өтті Н. Калашникова

Үшінші бөлік толығымен жастарға арналған. Тұтас 2019 жыл жастарға арналған және оған сайлауалды бағдарламасы да көмек көрсетті.

«Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру да айтарлықтай салмақты мақсат болып саналады. Қазірдің өзінде бұл жұмыстар қолға алынды (...) Бізде оқып-жетіліп жүрген мемлекеттік қызметшілерді көрдім, олар дәл осы кадрлық резервке енгісі келеді. Демек, жастардың мемлекеттік қызметке үлкен қызығушылық танытып отырғанын байқауға болады. Төртінші бөлік те өте маңызды, себебі онда ұлттық мүдделер тақырыбы қозғалған. Яғни, көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық қана емес, ішкі саяси деңгейдегі мәселелерді шешумен де тығыз байланысты», - деді Наталья Калашникова.

Соңғы жаңалықтар