Жастардың қанша пайызы жұмыс іздеуде қиыншылыққа ұрынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауалнама нәтижесі бойынша, жұмыс іздеген жастардың тек әр он біріншісіне ғана жұмыс табу мәселесі қиындық туғызбайды. Бұл мәлімет "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасы нәтижесінде айқындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, жастардың 42,2 %-ы еңбек нарығында елеулі қиындықтармен кездеседі. Тағы 30,5 %-ы өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаған. Бұл көрсеткіш жас қазақстандықтар арасындағы "дипломды жұмыссыздық" мәселесінің жоғары өзектілігін дәлелдейді.

Деректердің көрсетуінше 24 пен 28 жас арасындағы жастар жұмыссыздыққа жиірек тап болады. Бұлай сауалнамаға қатысқандардың 48,5%-ы  жауап берген. Бұл көрсеткіш аталмыш жастардың оқу орнын бітіргеннен кейін белсенді түрде жұмыс іздейтіндігімен түсіндіріледі.

Жастардың көпшілігі жұмысқа тұру қажеттілігі туған жағдайда белгілі қиындықтармен кездесетініне сенімді, әсіресе жас шамасына байланысты. Сауалнамаға қатысқан жастардың жартысынан көбі (61,1 %) негізгі қиындық - жұмыс тәжірибесінің болмауы деп есептейді.

Респонденттердің үштен бірінен аз бөлігі (31,7 %) университетте немесе техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында алған мамандық бойынша жұмысқа орналасу қиын екенін атап көрсетеді. «Байланыстар мен таныстардың болмауы» жұмыс табуына кедергі келтіретін жастардың үлесі 30,1 % құрайды.

Бұл сенім соңғы үш жыл ішінде жастар арасында болған. Сауалнамаға қатысушылардың тек 2,7 %-ы жастарға жұмысқа орналасу қиыншылықтардың жоқтығын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейінгі бір сөзінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Талғат Қалиев Қазақстан жастары арасындағы бірқатар түйіткілдерді айтып берген болатын. Атап айтқанда сарапшы Қазақстандық жастардың жұмыс істегісі келмейтінін тілге тиек еткен еді.

Ал қыркүйек айының ортасында болған Үкімет отырысында ҚР Қоғамдық даму министрі Дарxан Кәлетаев жұмыссыз жастар мәселесін көтерген еді. Министр сөз арасында оқу-білімге құлықсыз, саяси және азаматтық белсенділігі төмен, жауапкершікті өз мойнына алуға ниетсіз жастарды «ниетсіз жастар» деп атап, олардың саны біздің елде біри қала халқының санымен бірдей екенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар