USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін ресурс ашылмақ

2017 жылғы 13 желтоқсан 21:38
Бөлісіңіз:
Жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін ресурс ашылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін сайт «ZhastyqTalk» сайты ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жобаны астаналық студент Балнұр Сүгірәлиева жастарға арналған әлеуметтік жобалар байқауында ұсынды.

Студенттің жобасы «Жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі» аталымында үздік деп танылды.

Оған бұл жобаны жүзеге асыруға 700 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

«Қазақта ата-анасы баласына жыныстық қатынас туралы айтпайды. Бұл - ұят деп саналады. Мектепте де ол туралы көп айтыла бермейді. Соның кесірінен жастар көптеген өрескел қылықтарға барып жатады. Біздің сайт жастарды моральдық жағынан тәрбиелейді. Ол ресурстардан қазақ жастары өзіне қажет ақпараттарды ала алады», - деді Б.Сүгірәлиева.

Байқауға өткізілген 50 жобаның ішінде 8 жобаның жүзеге асырылуы үшін қаржы бөлінді.

Павлодар облысы Баянауыл ауылында тұратын кәсіпкер Әлфия Смағұлова шалғай ауыл тұрғындарын оқытуға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынды.

Қазылар алқасы бұл жобаны ең үздік деп танып, 4 млн теңге көлемінде грант бөлді.

«Қала мен ауыл оқушыларының арасында білім және мүмкіндік дәрежесінің айырмашылығы жер мен көктей. Біз ауыл балаларына белгілі бір салада, робототехника, ағылшын тілі бойынша көбірек білім бергіміз келеді. Әдістемеміз оларға мамандық таңдауға көмек бермек», - деді Әлфия Смағұлова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT